Ауа райы
Астана 15 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстандықтар шетелге шыға ала ма

2020 жылдың 26 маусым 2020 16:45

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар қолжетімді көліктің кез келген түрімен шетелге шыға алады. Бұл туралы ҚР ҰҚК Шекара қызметі Шекаралық бақылау департаменті бастығының орынбасары, полковник Олег Фисенко ОКҚ-дағы баспасөз мәслихатында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Спикердің айтуынша, республикада әлі де болса шектеу шаралары күшінде тұр.

«Алайда қазіргі уақытта қазақстандықтар қолжетімді көліктің кез келген түрімен шетелге шығып, қайта орала алады. Сонымен бірге шетелдіктерге де Қазақстанға кіруге рұқсат бар», - дейді Олег Фисенко.

Оның айтуынша, мәселен қазақстандықтар Ресейдегі туған-туыстарымен қауышқысы келсе, оған ешқандай кедергі жоқ.

Тек бір ескеретіні - жасөспірімдер шекарадан тек ата-анасымен бірге өте алады.

Олег Фисенко сонымен бірге шекарадан өту үшін елден не үшін шығып бара жатқанын түсіндіре алатындай құжат болуы тиіс.


Жоғары қарай