Ауа райы
Астана -12 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтар жанармайдың қай түрін жиі қолданады

2020 жылдың 6 қыркүйек 2020 12:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Freedom Finance Insurance компаниясы зерттеу барысында қазақстандықтардың қай отын түрін жиі пайдаланатынын анықтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР ҰЭМ статистика комитетінің мәліметінше, 2020 жылдың 1 шілдесінде Қазақстанда 3,9 млн жеңіл автомашина тіркелген. Бұл былтырғы жылмен салыстырғанда 5% артық. Тіркелген автомобиль саны бойынша көшбасшы - бұрынғыша Алматы облысы және Алматы қаласы. Алайда, 2020 жылы аталған екі аумақта автомашина саны 1% қысқарды (491 061 және 468 495).

Қазақстандықтардың 88,8% бензин құяды, ал 7,4% – аралас отын, 1,9% – дизель, 0,1% – газбаллон пайдаланады, ал 0,01% электрмен қуаттайды. Көпшілігі бензин құятынына қарамастан, кей аумақтарда жүргізушілер аралас отынды пайдалануды ұнатады.

Қазақстандықтар қай жанармайды жиі құяды?

Бензин. Елімізде 3 454 104 жеңіл автомашина бензин құяды. Оның көбі Алматы қаласында (12%), Нұр-Сұлтан қаласында (7%), Алматы (13%), Шығыс Қазақстан - (8%), Қарағанды (8%) және Оңтүстік Қазақстан облыстарында (6%). Бензинді Түркістан және Маңғыстау облыстарында сирек қолданады. Онда бар болғаны 2% бензин құятын автомашина тіркелген.

Дизель отыны. 75 313 автокөлік иелері дизель құяды. Дизель отынын пайдалану жетекшісі ретінде Алматы (25%) және Алматы облысы (16%) автомашиналары табылады. Ең аз «дизельдік» авто Кызылорда (2%), Павлодар (1%) және Ақтөбе облыстарында (1%).

Газбаллон отыны. Бұндай отынды Қазақстанда бар болғаны 3 772 автомобиль құяды. Газбаллон отынын пайдаланатын көлік құралдары көбіне Алматы қаласында (14%), Нұр-Сұлтан қаласында (4%) және Алматы облысында (4%) кездеседі. Газ пайдаланатын жеңіл автомашиналардың ең аз пайыздық саны – Қостанай, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарында. Бұл аумақтарда жиынтығымен алғанда, 123 автомобиль газобаллон отынында жүреді.

Аралас отын. Бұл отын түрін пайдаланатын жеңіл автомашиналардың жалпы саны – 286 793 бірлік. Гибрид түрін ұнататындар көпшілігі Маңғыстау және Ақтөбе облыстарында – 26% және 12% сәйкес. Автокөлік иелері аралас отынын ең аз пайдаланатын аумақтары Павлодар (2%)және Шығыс Қазақстан облыстарында (1%).

Электр қуаты. ҚР бар болғаны 582 электромобиль тіркелген. Оның ішінде, 438 бірлігі аумағы анықталмай тіркелген. Ең көп электромобиль саны Алматы қаласында тіркелген – 62 бірлік. Алайда, былтырғы саны 18-ден асқан. Нұр-Сұлтан қаласында бір жыл ішінде электромобиль саны жетеуге кеміген (қазір 44 авто тіркелген). Қостанай облысында – 13 электромобиль. Электр қуатымен жүретін жеңіл автомашиналары тіркелген нөлдік көрсеткіші – Атырау, Түркістан, Шығыс Қазақстан облыстарында және Шымкент қаласында.

Отынның қай түрі ең үнемді?

Электр қуаты

Әлбетте, электромобильдер басқа көлік құралдарына қарағанда, экология тұрғысынан пайдалы, себебі көміртегі шығарындысы жоқ, бірақ олар қымбатқа түседі және «құюы» ұзақ. Автомашинаны электрмен қуаттау үшін 40 минут уақыт кетеді, ал қарапайым бекетте машиналар 5 минуттан артық тұрмайды.

Дизель

Бензин модельдерімен салыстырсақ, дизель арқылы жүретін автомашина таза және шусыз деп саналады. Сонымен қатар, олардың отын шығыны бензиндік автомашиналарға қарағанда азырақ.

Газ

Бензиннен арзан тұрады. Бірақ газ автолары бір құйылмасымен, дизель және бензин құйылмасы бар автомашиналардан кем жол жүреді . Тағы бір минусы бар – газ баллондары ықшам деп саналмайды. Олар жеңіл автомашинада көп орын алады.

Аралас отын

Бұл түрін алсақ, шығыны дизель және бензин немесе таза бензиндік автоларына қарағанда аз. Демек, гибридтер ұзақ және жиі жүру кезінде тиімді, әсіресе қала жағдайларында.

Бензин

Электромобиль, гибрид, газ және дизельдік автомашиналарының жағымды жақтарын алғанмен, ішкі жану қозғалтқышы бар көлігі үнемді және қолайлы болуы мүмкін. Мысалы, қозғалтқыш көлемі шағын автомашиналар отын шығынын үнемдейді, әсіресе ұзақ қашықтықта. Сондай-ақ, аталған машиналардың құны гибридтік көлік пен электромобильдерге қарағанда қолжетімді.

Мамандардың айтуынша, ең үнемді отын түрі туралы бір мағыналы жауап беру мүмкін емес. Әр көлік иесі, бағасы, моделі, отын түрі және басқа критерийлері қолайлы автомашинасын өзі таңдайды.


Жоғары қарай