Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтардың аты-жөнін латын әліпбиімен жазу ережелері әзірленеді

2021 жылдың 18 ақпан 2021 19:48

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан азаматтарының аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазылу ережелері әзірленеді. Бұл туралы Мәдениет вице-министрі Нұрғиса Дәуешов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасы азаматтарының аты-жөндерін латын негізді әліпбимен жазылу ережелері әзірленбек. Одан бөлек ел аумағындағы географиялық объектілердің және олардың құрамдас бөліктерінің атауын латын графикасы негізінде стандартталады. Сондай-ақ, қазақ тілін ғылым тіліне айналдыруға бағытталған ғылыми-лингвистикалық базасын құру көзделген», - деді вице-министр.

Оның айтуынша Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын, Мемлекеттік Елтаңбасын және олардың бейнелерін, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Гимнінің мәтінін пайдалану (орнату, орналастыру) қағидаларына» өзгерістер енгізілген. Ол бойынша жеке және заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда орналастыру мүмкіндігін алды.

Еске салсақ, 2023 жылы 1 сыныптарға латын графикасына негізделген қазақ әліпбиі енгізіледі.

28 қаңтарда латын графикасындағы жаңа жетілдірілген қазақ әліпбиі жарияланды.



Жоғары қарай