Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстандықтарға салынған вакцинаны халықаралық тану сертификатын алу жұмысы жүргізілуде

2021 жылдың 28 мамыр 2021 17:43

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстандықтар алып жатқан вакциналарды халықаралық тану сертификатын алу бағытында жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл туралы ҚР ДСМ Қоғамдық денсаулық сақтау ұлттық орталығының басқарма төрағасының орынбасары Айнагүл Қуатбаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қажылыққа сапарлау мерзімінің жақындауына байланысты вакцинация өзекті мәселе деп есептейміз. Осыған орай Денсаулық сақтау министрлігі, өзге де мемлекеттік органдармен бірлесіп, сонымен қатар Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымымен ақылдаса отырып, Қазақстанда жасалған вакцинаны өзге елдерде де растайтын сертификатты қабылдау мәселесіне қатысты өте белсенді жұмыс жүргізіп жатыр. Бүгінде Моңғолиямен мұндай жұмыс өте тығыз жүргізілу үстінде екендігін атап өтуге болады», - деді ол Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

Оның атап өтуінше бұл бір күннің ішінде шешіле салатын мәселе емес.

«Меніңше, қажылыққа бару науқаны ұйымдастырылғанға дейін бұл мәселеге қатысты нақты жауап аламыз деп ойлаймын. Бұл ретте қазақстандықтарға екпе жасалып жатқан вакциналарды дәлелдейтін сертификаттарды тану жайында айтып отырмын»,- деді Айнагүл Қуатбаева.


Жоғары қарай