Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға 30 млрд-тан астам теңгенің контрафактілік өнімі әкелінген

2021 жылдың 27 тамыз 2021 16:06

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізге 30 млрд-тан астам млрд теңгенің контрафактілілік өнімін әкелінген. Бұл туралы «Kazpatent» директоры Ербол Оспанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Антиконтрафакт» форумы заңсыз тауар айналымына қарсы күрес мәселелерін талқылайтын ашық алаң. Аталған форум Қазақстанда осымен екінші рет өтіп отыр. Алғашқы форум 2014 жылы ұйымдастырылды. EuromonitorInternational еуропалық зерттеу компаниясының мәліметіне сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша әлемдік экономикада ЖІӨ (жалпы ішкі өнім) көлемі 3 пайызға дейін төмендеді. Немесе 2,2 трлн долларды жоғалтты. Сауда және интеграция министрлігінің мәліметіне сәйкес, Қазақстанға 30 млрд-тан астам теңгеге контрафактілік тауар өнімдері әкелінген», - деді Ербол Оспанов ОКҚ-де өткен баспасөз мәслихатында.

Сондай-ақ, спикер елімізге заңсыз жолмен келетін тауар түрлерін атады.

«Контрафактілік өнімдер экономиканың барлық саласына қатысты. Оның іщінде азық-түлік, сусындар, киім-кешек, аяқ киім, фармацевтикалық препараттар және электроника да бар. Сонымен қатар соңғы уақытта контрафактілік тауарлар қатарында заманауи технологияның да қарасы көбейді», - дейді ол.


Жоғары қарай