Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға Pfizer вакцинасының қанша дозасы жеткізілді

2021 жылдың 11 қараша 2021 01:33

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Қазақстанға Pfizer вакцинасының алғашқы – 379 мың дозасы жеткізілді. Бұл туралы Алматы әуежайында препараттарды күтіп алғаннан кейін журналистерге «СҚ-Фармация» ЖШС баспасөз хатшысы Әйгерім Смаилова айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілішсі.

«Біз Алматы халықаралық әуежайында Pfizer вакцинасының алғашқы партиясын қабылдап алдық. Онда сатып алынған 4 млн дозаның алғашқы 379 мың дозасы келді. Негізі сатып алынған 4 млн доза еліміздегі 2 млн 115 мың адамға есептелген», - деді Әйгерім Смаилова.

Оның айтуынша, елімізде вакциналарды қолдану және таратумен ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті айналысады. Ал вакциналарды жеткізу кестесі оны өндірушіге, өндірістік қуатына байланысты. Яғни, өндірушінің қашан, қалай тиеп жіберетіні, Қазақстанның қалай қабылдап алатыны және бірыңғай дистрибьютордың тәулік ішінде барлық өңірлерге қалай жеткізуіне байланысты болады.

«Сатып алынған Pfizer вакцинасымен жасөспірімдерді, жүкті әйелдерді, емізулі сәбилері бар әйелдерді егуге болатыны қарастырылған. Жалпы, Pfizer вакцинасымен еліміздің әр өңіріндегі ұйымдастырылған вакцинация пунктерінде егілуге болады», - деді «СК-Фармация» баспасөз хатшысы.

Еске салайық, бұған дейін Қазақстанға ДДҰ мақұлдаған коронавирусқа қарсы Pfizer вакцинасының алғашқы партиясы жеткізілгенін жазған едік.

Жоғары қарай