Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға Ресейден анықтамасыз келген 156 азамат шекарадан кейін қайтарылды

2021 жылдың 17 сәуір 2021 17:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Пандемия басталғалы бері Ақтөбе облысының аумағында коронавирус инфекциясының таралуының алдын алу мақсатында Ресей Федерациясымен шекарада орналасқан «Жайсаң» және «Әлімбет» өткізу пункттерінде тәулік бойы санитариялық-карантиндік бақылау жүзеге асырылуда.

Бұл туралы ҚазАқпарат ҚР Үкіметі жанындағы Қазақстанда коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының Telegram каналына сілтеме жасап хабарлайды.

Ондағы ақпараттарға қарағанда, эпидемиологтар шекарадан өтетін адамдарға тәулік бойы термометрия мен сауалнама жүргізіп, ПТР тестілеуінің теріс нәтижесі бар анықтамалардың болуын тексереді.

2020 жылдың 6-қазаны мен 2021 жылғы 15-сәуіріне аралығында «Жайсаң» және «Әлімбет» СКП мемлекеттік шекарасы арқылы барлығы 113 957 адам өтті, оның ішінде анықтамасы жоқ 6 749 адам карантиндік стационарға жатқызылған.

Аталған уақыт аралығында Ресей Федерациясынан тиісті анықтамасыз келген 75 ҚР азаматынан COVID-19 анықталған.

Қазақстан Республикасына анықтамасыз келген Ресей Федерациясының 156 азаматы шекарадан кейін қайтарылды.


Басты сөздер: Коронавирус, Карантин, Заң,
Жоғары қарай