Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанға заңсыз енгізілмек болған 747 смартфон тәркіленді

2021 жылдың 21 мамыр 2021 19:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Тауарларға ілеспе құжаттары мүлдем жоқ «REDMI» маркалы 747 дана смартфонды тасымалдау әрекетіне тосқауыл қойылды. Бұл туралы Жамбыл облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінен хабарлады.

2021 жылдың 21 мамырында Қордай ауданында орналасқан «Аухатты» бақылау-өткізу пунктінде Қазақстан Республикасы бағытына қарай, Қырғыз Республикасынан мемлекеттік шекараны кесіп өткен кезінде, ҚР ҰҚК ШҚ әскери қызметшілері және Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Экспорттық бақылау басқармасының лауазымды тұлғалары бірігіп жүргізген тексеру барысында тауарларға ілеспе құжаттары мүлдем жоқ «REDMI» маркалы 747 дана смартфондарды тасымалдау әрекетіне жол берілмеген.

Қазіргі уақытта, қылмыстық құқық бұзушылық істі қозғау үшін, материал Жамбыл облысы бойынша экономикалық тергеу департаментіне жолданды.


Жоғары қарай