Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстаннан Олимпиадаға қатысатын теннисшілер анықталды

2021 жылдың 15 маусым 2021 10:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстаннан Токио Олимпиадасына қатысатын теннисшілер анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, дүниежүзілік рейтингке сәйкес Токиода ел намысын ерлер арасында Александр Бублик, әйелдерден Елена Рыбакина, Юлия Путинцева және Ярослава Шведова қорғайды.

Я.Шведова үшін бұл үшінші Олимпиада болмақ.

Іріктеу тәртібіне сәйкес жекелей сында олимпиадалық ойындарға әр елден ерлер мен әйелдерден төрт үздік теннисшіден қатыса алады. Ол үшін ойыншы ATP және WTA рейтингілеріне 2021 жылғы 14 маусымдағы мәлімет бойынша үздік 56 теннисшінің қатарына кіруі керек және Дэвис кубогы мен Федерация кубогында сол елдің атынан өнер көрсеткен болуы тиіс.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Елена Рыбакинаның әлемдік рейтингіде 21-орынға көтерілгенін, Андрей Голубевтің жұптық рейтингіде әлемдегі үздік 40 теннисшінің қатарына енгенін жазған болатынбыз.











Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт, Олимпиада,
Жоғары қарай