Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның 200 мыңнан астам тұрғыны зейнетақы жинағын пайдаланды

2021 жылдың 8 шілде 2021 11:10

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандықтардың 200 мыңнан астамы enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту мен емделу ақысын төлеуге зейнетақы жинақтарын пайдаланды.

Бұл туралы ҚазАқпарат ««Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкi» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (бұдан әрі - БЖЗҚ) «Отбасы банк» тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-да ашылған («Бәйтерек» холдингінің еншілес ұйымы) қазақстандықтардың арнайы шоттарына 2021 жылдың 8 шілде айындағы жағдай бойынша 1,5 трлн теңгеден астам қаражат аударды (176 млрд теңге 45 күннің ішінде пайдаланылмаған қаражат ретінде БЖЗҚ-на қайтарылды).

205 659 қазақстандық enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеу үшін жалпы сомасы 1,2 трлн теңгеге тең зейнетақы төлемдерін пайдаланды. Олардың үштен бірі - әйелдер (64 685) және үштен екісі - ер адамдар (140 974).

Біржолғы зейнетақы төлемдерін (бұдан әрі - БЗТ) қолдану бойынша бірінші орында Маңғыстау облысының тұрғындары тұр (33 682 адам), олар жалпы сомасы 312 млрд теңге пайдаланған. Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы (32 216 адам), елорда тұрғындары 197 млрд-қа жуық теңге қолданған. Алматы қаласы – үшінші орында (27 396 адам), алматылықтар жалпы сомасы 213 млрд-қа жуық теңгені тұрғын үй жағдайын жақсарту және емделу ақысын төлеуге жұмсаған.

БЗТ-ін enpf-otbasy.kz платформасы арқылы тұрғын үй жағдайын жақсарту және емдеу үшін Маңғыстау облысының 40 пен 59 жас аралығындағы ер азаматтары жиі пайдаланған. Әйелдер арасында Нұр-Сұлтан қаласының 40 пен 59 жас аралығындағы қыз-келіншектері көш бастап тұр.

БЗТ-ін «Отбасы банкінде» ипотекалық тұрғын үй заемын алу үшін бастапқы жарна ретінде қолданған 9 359 қазақстандық, қайталама нарықтан тұрғын үй таңдаған (167 млрд теңгеден астам). Қалған 1 729 адам, алғашқы нарықтан тұрғын үй алуды жөн көрген (36 млрд теңгеден астам). 100-ден астам адам зейнетақы төлемдерін құрылыс, жөндеу және қайта қаржыландыруға жұмсаған (2 млрд теңгеден астам).

07.07.2021 жылғы жағдай бойынша зейнетақы төлемдерін пайдалану мақсаттары:

37 428 клиент «Отбасы Банкіндегі» заем бойынша қарызын төледі (ішінара немесе толық).

27 646 клиент ипотекалық заем бойынша берешегін өтеді, оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруын қоса алғанда (ішінара немесе толық).

109 830 клиент ипотекаға жүгінбей, тұрғын үй сатып алды (толық өтеу).

11 254 клиент тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесі бойынша «Отбасы банкінен» ипотекалық тұрғын үй заемын алды.

5 591 клиент ипотекалық заем алу үшін бастапқы жарна төледі (оның ішінде ислам банкінің қаржыландыруы шеңберінде)

2 351 клиент сатып алу құқығымен жалға алу шарты бойынша берешегін өтеді

302 клиент жеке тұрғын үй салу үшін (жер телімін сатып алуды қоса алғанда) пайдаланды

11 257 клиент емделу ақысын төледі.

Қазіргі уақытта клиенттерге қызмет көрсетуге қатысты барлық мәселелер бойынша келесі арналар жұмыс істейді:

1. Банктің байланыс орталығы. 300 қысқа нөмірі бойынша қызмет көрсетеді

2. Tele2 және Altel абоненттері үшін ақысыз нөмір 8 800 080 1880

3. Whatsapp арнасы. +7 705 925 13 01 телефоны арқылы қызмет көрсетеді

4. Видео-банкинг. www.hcsbk.kz банк сайтында бейне сұхбат бастауға болады

5. Telegram-бот Қуаныш https://web.telegram.org/#/im?p=@quanysh_bot

6. Сізге ыңғайлы болу үшін www.hcsbk.kz сайтындағы арнайы форма арқылы қоңырауға тапсырыс беруге болады.

7. https://hcsbk.kz/faq/ жиі қойылатын сұрақтарға жауаптар жазылған сайттың арнайы бөлімі. Осы жерден түсіндірмелі бейне роликтерді де көруге болады.

8. Банктің әлеуметтік желілері:

Instagram-дағы ресми парақша

Facebook:

Youtube:

9. «Электрондық үкімет» сайтындағы Басқарма төрайымының ресми блогы:


Жоғары қарай