Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның 3 өңірінде төтенше жағдай режимі алынып тасталмақ

2022 жылдың 12 қаңтар 2022 21:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Павлодар облыстарында төтенше жағдай режимі аяқталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

Президент арнайы жарлықтарға қол қойды.

«Солтүстік Қазақстан облысында төтенше жағдайды енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 5 қаңтардағы № 745 Жарлығымен енгізілген Солтүстік Қазақстан облысының шекараларындағы төтенше жағдайдың күші 2022 жылғы 13 қаңтар 07 сағат 00 минуттан бастап жойылсын» делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, бұған дейін Батыс Қазақстан және Павлодар облыстарында төтенше жағдай алынып тасталған болатын.


Жоғары қарай