Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанның 4 қаласында ауа сапасы нашарлайды

2020 жылдың 2 маусым 2020 06:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Қазақстан қалаларындағы 2 маусым күнгі ауа сапасы туралы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, 2 маусымда ауаның ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайы Шымкент, Балқаш, Алматы және Теміртау қалаларында тіркеледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Басты сөздер: Қазгидромет, Экология,
Жоғары қарай