Ауа райы
Астана 22 °С
Алматы 26 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 1 маусым 2020 07:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның 4 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-на сілтеме жасап.

1 маусым күні Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр, күндіз екпіні 23 метр болады.

Көкшетауда таң ата және күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %.

Қостанай облысының бірқатар аумағында найзағай ойнап, жел тұрады. Оңтүстік-батыстан жел соғып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Қостанайда 1 маусым күні таң ата найзағай ойнайды. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, екпіні секундына 15-20 метр болады.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Қызылорда облысында таң ата 42 градус ыстық болады. Таң ата және күндіз солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 95-100%.

Павлодар облысында күндіз найзағай ойнайды. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, солтүстік-батысқа қарай ойысады, кей жерлерде жылдамдығы секундына 18 метрге жетеді.

Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90 %.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай