Ауа райы
Астана 11 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 443.50
EUR 479.47
RUB 5.79
CNY 62.51

Қазақстанның 4 өңірінде Қытайдан келген азаматтар ауруханаға жатқызылды

2020 жылдың 28 қаңтар 2020 16:46

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақмола облысында Қытайдан келген бір отбасы ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін сағат 11-дегі ақпаратымызға сәйкес, елімізде 4 науқас стационарға орналастырылды. Қазіргі таңда Алматы қаласындағы екі науқас медициналық көмек алғаннан кейін стаицонардан шығарылды. Сонымен қатар Атырау облысының Қызылқоға ауданында 1 науқас бар. Ол ЖРВИ диагнозымен ем алып жатыр. Нұр-Сұлтан қаласында таңертең Қытайдың Бейжің қаласынан келген 16 жастағы оқушы елордадағы Балалар инфекциясы ауруханасының стационарына жатқызылды. Оған инфекционист консультанттардың қорытындысы бойынша ЖРВИ диагнозы қойылды. Бала қазір ем алып жатыр», - деді бас санитарлық дәрігер.

Оның дерегінше, бүгін түстен кейін Алматы қаласында 1 адам дене қызуымен ауруханаға жатқызылған. Ал Ақмола облысында Хайнаньда демалыста болған бір отбасы мүшелері толықтай стационарда ем алып жатыр. Аталған отбасының 3 баласының екеуінде дене қызуы көтерілген.

«Себебі үшінші балада да ауру белгілері болды. Әке-шешесінде ондай белгілер жоқ. Бірақ, тығыз қарым-қатынаста болғаннан кейін онда да ауру белгілерінің анықталуы ықтимал», - деді ол.

Бас санитарлық дәрігердің айтуынша, ауруханаларда медициналық маскалар жеткілікті.

«Сонымен қатар біз әртүрлі медициналық маскаларды, бірреттік және кәсіби костюмдерді, вирусқа қарсы препараттарды, диагностикалық жабдықтар мен материалдарды шұғыл түрде сатып аламыз. Сонымен қатар отандық өндірушілерге дәке таңғыштарды жаппай өндіруге тапсырыс берілді», - деді ол.


Жоғары қарай