Ауа райы
Астана -19 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 22 қараша 2020 19:20

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК-сы Қазақстанның 6 облысында ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 23 қараша күні Ақмола, Түркістан, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында тұман түсіп, көктайғақ болады және жаяу бұрқасын соғуы ықтимал.

Осындай жағдай Нұр-Сұлтанда да қалыптасады. Ауа райы болжамының дәлдігі 85-90%.

Жамбыл облысында ауа райы болжамының дәлдігі 90-95%, Түркістан облысында 90-95%, Батыс Қазақстанда 85-90%, Маңғыстауда 85-90%, Солтүстік Қазастанда 90-95% және Ақмола облысында 85-90%.


Перевод Айдар Оспаналиев
Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай