Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанның 60 азаматы Катардан оралды

2020 жылдың 31 мамыр 2020 09:51

НҰР-СҰЛТАН-ДОХА. ҚазАқпарат – Сенбі күні, яғни 30 мамырда араб елінде тұрып жатқан Қазақстан азаматтары мінген чартерлік рейс Катар астанасы Дохадан Қазақстанға ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Репатриациялық рейс Қазақстан елшілігі, Катар Республикасының авиация билігі, Qatar Airways және Air Astana әуе компанияларымен бірлесіп ұйымдастырылды. Карантиндік шаралардан кейін араб мемлекетінде қалып қойған 60-қа жуық Қазақстан азаматы отанына оралды. Елшілік Катар мемлекеттік органдары мен Air Astana әуе компаниясына көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді», - деп атап өтті Катардағы ҚР елшісі Асқар Шоқыбаев.


Авторы: Арнур Рақымбеков

Басты сөздер: Оқиға, Көлік, Әлем,
Жоғары қарай