Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның 8 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2021 жылдың 13 қыркүйек 2021 19:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 6 қыркүйек күні еліміздің сегіз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

14 қыркүйекте Атырау облысының батысында және орталығында тұман түседі.

14 қыркүйекте таңертең және күндіз Ақмола облысының солтүстігінде және батысында оңтүстік-батыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с жетеді .

Күндіз 14 қыркүйекте Маңғыстау облысының оңтүстік-шығысында шаңды дауыл күтіледі. Шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, күші күндіз облыстың оңтүстік-шығысында 15-20 м/с болады.

Түнде, 14 қыркүйекте Қарағанды облысының солтүстік-шығысында 2 градус шамасында үсік жүреді.

Таңертең және күндіз 14 қыркүйекте Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай жарқалдайды. Оңтүстік-батыстан желдің күші күндіз облыстың солтүстігінде 15-20 м/с жетеді.

14 қыркүйекте түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының солтүстік-батысында тұман күтіледі. Батыстан, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.

Қыркүйекте 14- інде, күндіз 15 -інде Жамбыл облысының солтүстік-шығысында және оңтүстік-батысында солтүстік-шығыстан соғатын жел солтүстік -батыс желіне ауысып, екпіні 15-20 м/с аралығында болады күтіледі.

Түнде, 14 қыркүйекте Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстік, солтүстік шығыста 3 градус үсік жүреді . Бесқарағай ауданында өрттің өрттің шығу қаупі жоғары.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы, Аймақ,
Жоғары қарай