Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 377.29
EUR 418.41
RUB 6.09
CNY 54.66

Қазақстанның агроөнеркәсібі инвестиция құюға тиімді салалардың бірі – вице-министр

2019 жылдың 13 қараша 2019 20:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның ауылшаруашылық саласы – инвестиция құюға ең тиімді салалардың бірі. Бұл туралы бүгін елордада өткен Қазақстан-Италия бизнес-форумында ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі Гүлмира Исаева айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Вице-министр елімізде агроөнеркәсіп қарқынды дамып келе жатқанын айта келе, ауыл шаруашылығы кәсіпкерлерді тарту үшін тиімді сала болып отырғанын атап өтті.

«Географиялық орналасуы, қазба байлығы және климаттық жағдайы тұрғысынан Қазақстандағы агроөндіріс саласы – инвестиция құюға ең тиімді салалардың бірі. Еліміздегі және шетелдік инвесторларды тарту үшін жағдай жасалып жатыр. Бұл – басым бағыттарды субсидиялау, пайызы аз несие беру және тағы да басқасы», - деді Гүлмира Исаева.

Бұған дейін Италия мемлекеті Қазақстан экономикасына қанша инвестиция салғанын жазған болатынбыз.

Жоғары қарай