Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабының біріне айналуына мүмкіндігі бар - Асқар Мамин

2020 жылдың 26 мамыр 2020 10:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның әлемдік азық-түлік хабының біріне айналуына нақты мүмкіндігі бар. Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Миинстр Асқар Мамин осылай мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біріккен Ұлттар Ұйымының жанындағы Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы – FAO болжамы бойынша Қазақстан агроөнеркәсіптік кешен саласындағы әлеуеті жоғары АҚШ, Австралия, Бразилия және Аргентина мемлекеттерінің қатарында және әлемдік азық-түлік хабына айналуына нақты мүмкіндігі бар. Бұл орындалатын міндет екенін атап өтемін», - деп тоқталды А. Мамин.

Сонымен қатар ол биыл жақсы өнім алуға ауа райы қолайлы болады деген болжам бар екенін жеткізді.

«Дегенмен өнімнің жақсы шығуына агротехнологиялардың сақталуы, сапалы тұқым мен тыңайтқыштарды пайдалану, өсімдіктерді қорғау құралдарын қолдану әсер етеді. Өңірлерде тыңайтқыштарды пайдалану көлемі белгіленген талаптарға сәйкес болуы тиіс. Бұл бағытта мемлекет айтарлықтай қолдау көрсетіп отыр. Тығайтқыштар мен пестицидтерді алуға жұмсалатын шығынның 50 пайызына дейін субсидия береді», - деді Премьер-Министр.

Осы орайда, ол өңірлер әкімдеріне егін егу жұмысын сапалы орындап, тыңайтқыштар мен пестицидтерді пайдалану көлемін ғылыми негізделген нормалар бойынша ұлғайтуды тапсырды.

«Ұлттық экономика министрлігіне Ұлттық банкпен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге егіс алқаптарын химиялық өңдеу мен егін жинау жұмыстарына қатысты шараларды қаржыландыруды қосып, Қарапайым заттар экономикасы бағдарламасының аясында қаражатты пайдаланудың нысыналы мақсатын кеңейту мәселесін пысықтауды тапсырамын», - деді Үкімет басшысы.


Жоғары қарай