Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның барлық өңірінде вакцина бар – Алексей Цой

2021 жылдың 5 мамыр 2021 17:36

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Мәжілісте вакциналау қарқынын арттыру үшін қандай шаралар жүргізіліп жатқанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз үшін вакцинация қазір пандемиядан шығудың негізгі құралы болып отыр. Үкімет сәуір айында еліміздің 2 млн азаматын вакцинамен қамтамасыз етуге дайын екенін растады, біз Қазақстанға 2,3 млн доза вакцина әкелдік. Бүгінгі таңда 1,4 млн адам бірінші компонентті салдырды. Вакциналаудың өзі ерікті түрде жүреді. Біз барынша қолжетімділікті қамтамасыз еттік, Қазақстанның барлық өңірінде вакцина бар. Қазір 1400 вакциналау пункті ұйымдастырылды: ірі сауда орталықтарында салуға болады, ал 300 көшпелі бригада ұжымдарға барады», - деді Алексей Цой Мәжілістің жалпы отырысында.

Министр вакцинаның жеткілікті көлемде бар екенін және жеткізудің де нақты кестелері бекітілгенін айтты.

«Біз өңірлермен жұмыс істеп жатырмыз. Мысалы кеше 117 мың адам вакцина алды делік. Яғни, вакциналау қарқыны артып келеді. Ең бастысы, біздің азаматтар вакцина салдыру қажеттігін түсінді. Қазір олар көптеген таныстарының екпе алғанын, қандай да еш асқыну болмағанын көреді. Сондықтан қазір тұрғындардың белсенділігі артып келе жатқанын көріп отырмыз және біз үшін түсіндіру, қолжетімділік, вакцинамен қамтамасыз ету арқылы қарқынның артқаны маңызды. Қазір нарықта үш вакцина бар. Біз өз азаматтарымыз үшін вакцина алуға барынша жағдай жасауға тырысамыз», - деді Денсаулық сақтау министрі.


Жоғары қарай