Қазақстанның бес қаласында ауа сапасы нашарлайды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 14 қыркүйек күні Қазақстанның алты қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Ақтөбе, Қарағанды, Қостанай, Нұр-Сұлтан, Орал қалаларында және түнде Атырауда жайсыз метеожағдай қалыптасады.
Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтау, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы. ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.