Ауа райы
Астана 30 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 22 наурыз 2020 18:40

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірқатар облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасай отырып.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 2020 жылдың 22 наурызынан сағат 21-00-ден бастап, 23 наурыз сағат 21-00 аралығында Ақмола облысының кей жерлерінде жаяу бұрқасын соғып, түнде және таңертең тұман түседі. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстікке қарай ойысып, жылдамдығы кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Нұр-Сұлтан қаласында 23 наурызда жаяу бұрқасын болып, түнде және таңертең тұман түседі. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 85-90 %.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл көтерліп, түнде солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 25 метрге жетеді.

Қызылорда қаласында күндіз шаңды дауыл көтеріліп, күндіз солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с болады.

Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде түнде қар жауып, кей жерлерде бұрқасын болады. Күндіз кей жерлерде көктайғақ күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан желдің жылдамдығы күндіз кей жерлерде секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавл қаласында түнде қар жауып, жаяу бұрқасын болады. Солтүстік-батыстан жел соғып, күндіз екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.

Күндіз Маңғыстау облысының бірқатар аумақтарында шаңды дауыл тұрып, шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғады, жылдамдығы күндіз кей жерлерде 15-20 м/с-ке жетеді. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

Ал 23-25 наурыз аралығында Жамбыл облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы секундына 15-20 метр, екпіні 23-28 метр болады. Кей жерлерде тұман түседі.

Тараз қаласында солтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, кей уақытта 23 м/с болады, тұман түсуі де мүмкін. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95%.

23-25 наурызда Түркістан облысының кей жерлерінде солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20, таулы және солтүстік аудандарда екпіні 23-28 м/с болады.

Шымкент қаласында 23-25 наурызда солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғады.

Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан екпіні 15-20 м/с жел соғып, одан әрі ол күшейе түседі.


Жоғары қарай