Ауа райы
Нур-Султан +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 449.85
EUR 485.43
RUB 5.71
CNY 70.69

Қазақстанның бірқатар өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2022 жылдың 27 қаңтар 2022 21:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның тоғыз өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» болжамына қарағанда, Ақтөбе облысының солтүстік-батысында тұман түседі.

Атырау облысының солтүстігі, шығысы мен орталығында, Атырау қаласында тұман болады.

Батыс Қазақстан облысының батысы мен солтүстігінде тұман түседі. Сонымен қатар Орал қаласында түнде және күндіз тұман болмақ.

Жамбыл облысының таулы және тау бөктеріндегі аудандарында тұман, көктайғақ болады. Облыстың солтүстік-шығысы мен оңтүстік-батысында, таулы аудандарында солтүстік-батыстан жел соғып, оңтүстік-батысқа қарай ауысады. Тараз қаласында тұман түседі.

Қарағанды облысының батысы мен оңтүстігінде шығыстан, оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с-қа дейін жетеді.

Қызылорда облысының басым бөлігінде күннің екінші жартысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), облыс орталығында көктайғақ, боран болады. Облыс орталығында шығыстан, оңтүстік-шығыстан 15-20 м/с жел соғады. Қызылорда қаласында күннің екінші жартысында көктайғақ болады. Кейде тұман түседі.

Маңғыстау облысының батысы, оңтүстігі мен шығысында көктайғақ болады. Солтүстігінде тұман түседі. Облыстың батысы мен шығысында солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Ақтау қаласында түнде көктайғақ болады. Солтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-18м/с-қа жетеді.

Түркістан облысының таулы аудандарында қатты жауын-шашын (жаңбыр басым болады) боладыі. Түнде облыстың оңтүстігі мен батысында, таулы, тау бөктеріндегі аудандарында тұман сақталады. Облыстың батысы мен солтүстігінде, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында күндіз оңтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғып, екпіні 23 м/с-қа дейін жетеді. Түркістан қаласында түнде тұман сақталады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні күндіз 15-20 м/с болады.

Шымкент қаласында түнде тұман сақталмақ. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні күндіз 15-20 м/с-қа дейін жетеді.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай