Ауа райы
Астана 29 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 411.66
EUR 465.92
RUB 5.81
CNY 58.79

Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел соғуы ықтимал

2020 жылдың 25 мамыр 2020 19:28

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның бірқатар өңірінде қатты жел мен шаңды дауыл соғуы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

25 мамыр күні Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан, шығыстан жел соғып, жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, кей жерлерде 25 м/с-ке жетеді.

26 мамырда Ақмола облысының кей жерлерінде найзағай ойнап, шаңды дауыл соғады және бұршақ жауады. Желдің бағыты батыстан солтүстікке ауысып, 15-20 м/с болады. Көкшетауда 26 мамыр күндіз батыс желінің бағыты солтүстікке ауысып, екпіні 15 м/с-ке жетеді.

25 мамыр күні Маңғыстау облысының кей жерлерінде 39 градусқа дейін аптап ыстық болуы ықтимал.

26 мамырда Павлодар облысында оңтүстік-батыс желі солтүстікке ауысып, екпіні 15-20, кей жерлерде 25 м/с, 27 мамыр түнде 15-20 м/с болады. Павлодарда 26 мамыр күндіз, 27 мамыр түнде оңтүстік-батыс желінің бағыты солтүстікке ауысып, екпіні 15-20 м/с-ке жетеді.

26 мамырда Солтүстік Қазақстанда түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал. Батыстан соққан желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы түнде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 25 м/с болады. Петропавлда 26 мамырда батыстан соққан желдің бағыты солтүстікке ауысып, жылдамдығы 15-20, екпіні 25 м/с болуы мүмкін.


Жоғары қарай