Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның бірнеше облысында аптап ыстық болады

2021 жылдың 23 мамыр 2021 16:12

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 24 мамырда Қазақстанның бірнеше облысында қатты ыстық болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

24 мамырда Қызылорда облысында күндіз кей жерлерде шаңды дауыл күтіледі. Солтүстік-шығыстан соққан желдің екпіні 17 м/с-қа жетеді.

Ертең Маңғыстау облысында күндіз кей жерлерде 38-42 градусқа дейін аптап ыстық болады деп болжануда.

Дүйсенбі күні Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, күндіз 33-38 градусқа дейін қатты ыстық болмақ. Петропавлда күндіз 35 градусқа дейін аптап ыстық болады деп күтілуде.

Қостанай облысында 24-25 мамырда күндіз 38 градусқа дейін ыстық сақталады.

Ертең Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл болуы мүмкін. Оңтүстік-шығыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысады, кей жерлерде желдің екпіні – 15-20 м/с. Күндіз 39 градус қатты ыстық болады. Атырауда 24 мамырда күндіз 36-38 градус аптап ыстық сақталады.


Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет,
Жоғары қарай