Ауа райы
Астана -10 °С
Алматы -5 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның биылғы ЖІӨ қандай деңгейде болады

2020 жылдың 29 шілде 2020 15:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның жалпы ішкі өнімі биыл қандай деңгейде болуы мүмкін? Төмендей ме, әлде былтырғы өсімді сақтап қала ала ма? Бұл сұраққа Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленов жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«69 трлн 680 млрд теңге – жалпы ішкі өнімнің биылғы болжамды көлемі осындай болған. Бұл болжамды көрсеткіш осы жылдың сәуір айында бекітілген. Қазіргі уақытта бағалау жұмыстарын тұрақты түрде жүргізіп келеміз. Соңғы есептерге сәйкес, біздің болжам бойынша биылғы жалпы ішкі өнім 69 трлн 803 млрд теңге деңгейінде болуы мүмкін. Ресми болжамға ешқандай өзгеріс енгізілген жоқ», - деді Руслан Дәленов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қызмет көрсету саласы қазір қысымға ұшырағанымен, экономикалық өсім бойынша болжам бұрынғы деңгейде қала береді.

«Сонымен бірге біз ел экономикасының оң өсіміне қол жеткізу үшін тырысып, осы жылды оң нәтижемен аяқтауды көздеп отырмыз. Себебі елде дағдарысқа қарсы шаралар қабылданып, қазірдің өзінде жағымды өзгерістер байқалады», - деді ол.

Жоғары қарай