Ауа райы
Астана -18 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 13,5% азайды

2021 жылдың 16 қаңтар 2021 11:13

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Еуразия экономикалық одағы (ЕАЭО) елдерімен сауда-саттық көлемі 9,6% азайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстанның ЕАЭО елдерімен 2020 жылғы қаңтар-қарашадағы өзара саудасы 17660 млн АҚШ долларын құрап, 2019 жылғы қаңтар-қарашамен салыстырғанда 9,6% азайды. Соның ішінде экспорт – 4966,4 млн АҚШ долларын (13,5% азайды), импорт 12693,6 млн АҚШ долларын (7,9% азайды) құрады.

Қазақстанның Одаққа мүше мемлекеттермен сыртқы саудасында көлемі жағынан алдыңғы орында Ресей Федерациясы тұр – 92,2%. Кейін Қырғызстан – 4,1%, Беларусь – 3,6%, Армения – 0,1% елдері орналасқан.


Жоғары қарай