Ауа райы
Астана 3 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 30 шілде 2020 17:07

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанның екі облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ның мәліметтеріне сілтеме жасап.

Кәсіпорын таратқан мәліметтерге қарағанда, 31 шілде күні Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Түнде және таңертең кей жерлерге тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жетеді.

Петропавл қаласында 31 шілде күні түнде найзағай ойнап, тұман түседі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с болады. Ауа райы болжамының ықтималдылығы 90-95 %.

Батыс-Қазақстан облысының батысында найзағай ойнап, бұршақ жауады. Солтүстік-батыстан соғатын желдің күші найзағай кезінде 15-20 м/с-қа жетеді. Оңтүстікте 37 градусқа дейін аптап ыстық болады. Өңірдің басым бөлігінде өрт қауіпі сақталады. Ауа райы болжамының ытималдылығы 85-90%.


Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай