Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 465.73
RUB 5.79
CNY 58.91

Қазақстанның екі өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды

2020 жылдың 25 сәуір 2020 16:30

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Солтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап.

26 сәуірде Солтүстік Қазақстан облысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, кей жерлерде жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Петропавлда 26 сәуір күні оңтүстік-батыстан қатты жел соғады, күндіз кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Дауыл тұру ықтималдылығы - 90-95 %.

26 cәуірде Қызылорда облысының кей жерлерінде найзағай ойнайды. Шығыс, оңтүстік-шығыстан жел соғып, кей жерлерде жылдамдығы 15-20 м/с дейін жетеді. Дауыл тұру ықтималдылығы - 95-100 %.


Жоғары қарай