Ауа райы
Астана -4 °С
Алматы 1 °С
валюта бағамы
USD 445.84
EUR 490.47
RUB 5.73
CNY 62.87

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын тағайындау ашық болуы тиіс - Гүлшара Әбдіқалықова

2020 жылдың 6 қаңтар 2020 13:56

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын тағайындау шаралары барынша ашық жүргізілуі керек. Бұл туралы Қазақ ұлттық өнер университетінің ұжымымен кездесуінде Парламент Мәжілісі Әлеуметтік-мәдени даму комитетінің төрайымы Гүлшара Әбдіқалықова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жүздесу барысында депутат «Педагог мәртебесі туралы» Заңының негізгі жаңашылдықтары туралы айтып берді. Сонымен қатар, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» марапатын тағайындау шаралары туралы пікір алмасу болды. Бұл тұрғыда университет оқытушылары аталған марапатты тағайындауда барынша ашықтықты қамтамасыз ету қадамдарын пысықтау керектігін атап өтті.

«Осындай құрметті атақтар берілгенде ашықтықты қамтамасыз ету керек. Бұл шараларда барлық кафедралар мен деканаттар қамтылса деген тілек бар. Яғни лайықты адамды өзіміз арамыздан сайласақ дұрыс болар еді», - деді университет ұстазы.

Өз кезегінде Г. Әбдіқалықова ашықтықты қамтамасыз етуде оқытушылардың ұсыныстарымен келісетінін айтты.

«Жалпы, «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» және «Жыл ұстазы» деген түрлі марапаттауларды берген кезде барлық шаралар ашық болуы керек. Қазіргі кезде Білім және ғылым министрлігі арнайы ереже дайындап жатыр. Осы орайда сіздің ұсынысыңызды ескеру керектігін айтамыз», - деді депутат.

Айта кетейік, «Педагог мәртебесі туралы» Заңы бойынша халықаралық конкурсттар мен жарыстардың жеңімпаздарын, түрлі олимпиадалар мен спорттық жарыстардың лауреаттарын даярлаған педагогтерге 3 лауазымдық жалақыға дейін біржолғы сыйақы төленеді.

«Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» мемлекеттік марапат тағайындалады және иегерлеріне 1000 АЕК мөлшерінде біржолғы сыйақы беріледі.


Жоғары қарай