Ауа райы
Астана -17 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның этносаралық қатынастар моделі басқа елдерге үлгі – Даниал Ахметов

2020 жылдың 12 қараша 2020 19:10

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтың айтуынша, еліміздің этносаралық қатынастар моделі басқа мемлекеттерге үлгі, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің отырысында ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблея өзіне азаматтық қоғамның әмбебап құрылымының барлық үздік сипаттамаларын енгізгенін айтты. Достық, бейбітшілік, тыныштық пен сенім еліміздің қоғамдық өмірінің ажырамас бөлігі. Бұл жетістікке Қазақстан азаматтарының арқасында қол жеткізілді», - деді аймақ басшысы.

Оның айтуынша, Қазақстанның этносаралық қатынастар моделі уақыт сынынан өткен және басқа мемлекеттер мен халықтар үшін үлгі.

«Қабылданған Ассамблея Үндеуі халқымызды ең құнды игілігіміз - бейбітшілік пен келісімді нығайтуға шақырады. Біз бірге жоғары мақсаттарға ұмтылуымыз қажет. Өйткені, біз бір елдің, бір жердің баласымыз», - деді Даниал Ахметов.


Жоғары қарай