Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы -2 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның іскер әйелдері ел халқына үндеу жасады

2020 жылдың 20 наурыз 2020 20:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазақстан Республикасының іскер әйелдері қауымдастығы» еліміз үшін қиын сәтте жұртшылықты бірлікке шақырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың коронавирус індетімен байланысты жағдайға орай Қазақстан халқына үндеуін қолдаған Қазақстанның іскер әйелдер қауымдастығы жұртшылықты еліміз үшін қиын сәтте бір-бірін қолдауға, тіршілікті және адамдардың денсаулығын қамтамасыз ететін қызметтерге барынша көмек көрсетуге шақырады. Елдегі төтенше жағдай кезінде сабырлық сақтап, жақындарға қамқорлық таныту, өзін-өзі оқшаулау, қоғамдағы кез келген қарым-қатынасты төмендету, сонымен қатар санитарлық қауіпсіздік пен алдын алу ережесін сақтау барынша маңызды», - делінген қауымдастық таратқан ақпаратта.

Таратылған үндеуде ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы режім енгізуі және ел Үкіметінің жүзеге асырып жатқан шаралары коронавирус таралуы жағдайындағы ең дұрыс шешім екендігі аталып өтіледі.

«Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың осынау қиын-қыстау кезеңде елге қолдау көрсету үшін республикалық қор құру жөніндегі бастамасын қолдайды. Бүгінде Қазақстанның іскер әйелдері қауымдастығы волонтерлік негізде төтенше жағдай кезеңінде халықтың аз қамтылған тобын азық-түлік топтамасымен, бірінші қажетті заттармен қамтамасыз етуге көмек көрсетіп жатыр. Сонымен қатар өзге де қаржылық және рухани көмек көрсету үстінде», - деп атап өтеді қауымдастық.


Жоғары қарай