Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның сауда серіктес елдермен жасалған тауар айналымының көлемі өсті

2021 жылдың 12 тамыз 2021 11:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Жанель Кушукова Қазақстанның барлық сауда серіктестермен тауар айналым көлемі артқаны туралы айтты, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісі.

«2021 жылдың 5 айында сыртқы сауда айналымы 36,4 млрд АҚШ долларына жетті, сондай-ақ былтырғы сәйкес кезеңге қарағанда экспорт 5,5 пайызға өсіп, 22,9 млрд долларды құрады. Оның ішінде шикізаттық емес тауарларға 7,2 млрд доллар тиесілі болды», - деді Ж. Кушукова министрліктің алқа мәжілісінде.

Оның айтуынша, биылғы қаңтар-мамыр кезеңінде Қазақстанның импорты да 12,1 пайызға өсіп, 14,7 млрд АҚШ долларын құрады.

Оның ішінде шикізаттық емес тауарлардың импорты 12,6 пайызға артып 13,5 млрд доллар болды. Ал шикізаттық тауарлар импорты Қазақстанда 7 пайызға өсіп, 1,2 млрд долларға жетті.

«Барлық негізгі серіктестермен, яғни ЕАЭО, ТМД елдерімен, Қытай, Германия, Испания және басқа да елдермен сауда көлемі елеулі түрде артты», - деді вице-министр.


Жоғары қарай