Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның сүт шығаратын 6 кәсіпорыны өнімдерін Қытайға экспорттайды

2020 жылдың 29 шілде 2020 09:32

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Алматы, Ақмола және Қостанай облыстарының кәсіпорындары өз сүт өнімдерін Қытайға экспорттай алатын болды, деп хабарлайды Ауыл шаруашылығы министрлігі.

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі мен ҚХР-ның Бас кеден басқармасы арасындағы белсенді ынтымақтастықтың нәтижесінде тағы үш қазақстандық сүт өңдеуші кәсіпорын Қытайға экспорттауға құқығы бар кәсіпорындардың тізіміне енді. Олар: «Гормолзавод» ЖШС (Көкшетау, Ақмола облысы), «Дәулет-Бекет» (Талдықорған, Алматы облысы) және «Лидер-2010» (Рудный, Қостанай облысы).

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қыркүйек айындағы сапары аясында Бейжіңде сүт және сүт өнімдерін экспорттауға ветеринариялық-санитарлық талаптар туралы хаттамаға қол қойды. Сол кезде Алматыдағы Фудмастер, Қарағандыдағы ​​Евразия Инвест LTD және Түркістандағы Golden Camel Group LTD сияқты үш компания өз өнімдерін көрші мемлекетке сату құқығын алған болатын.

Қазіргі уақытта сүт және сүт өнімдерін өндіретін 6 кәсіпорын өз өнімдерін Қытайға экспорттай алады.


Басты сөздер: Қытай, Экономика, ҚР АШМ,
Жоғары қарай