Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 3,7% азайды

2021 жылдың 15 маусым 2021 00:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2021 жылғы қаңтар-мамырда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 102% құрады. Бұл туралы ҚР Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросынан мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

2021 жылғы қаңтар-мамырда 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда қысқа мерзімді экономикалық индикатор 102% құрады. Қысқа мерзімді экономикалық индикатор ЖІӨ-ің 60% астамын құрайтын: ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс, сауда, көлік және байланыс сияқты негізгі салалар бойынша шығарылым индекстерінің өзгеруіне негізделеді.

Бұдан бөлек, 2021 жылғы қаңтар-мамырда:

- негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 3830 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 5,6% кем.

- өнеркәсіп өндірісінің көлемі қолданыстағы бағаларда 14019,1 млрд теңгені құрды, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 1,4% артық. Төмендеу кен өндіру өнеркәсібінде және каръерлерді қазуда (4,9%) тіркелген. Бұл ретте өсім өңдеу өнеркәсібінде (7,2%), электрмен жабдықтау, газ, бу беру және ауа баптауда (5,6%), сумен жабдықтауда, қалдықтарды жинау, өңдеу және жою, өндіріс ластануын жою бойынша қызметте (7,6%) байқалады.

- ауыл, орман және балық шаруашылығы өнімінің (қызметінің) жалпы шығарылымының көлемі 1110,2 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 3,1% артық.

- құрылыс жұмыстарының (қызметтерінің) көлемі 1139,7 млрд теңгені құрады, бұл 2020 жылғы қаңтар-мамырға қарағанда 11,3% артық.

- «Көлік және қоймалау» саласы бойынша нақты көлем индексі 93,1% құрады.

- жүк айналымының көлемі 228,6 млрд тонна-шақырымды (коммерциялық жүк тасымалдаумен айналысатын дара кәсіпкерлердің жүк айналымы көлемін бағалауды есепке алғанда) құрап, 2021 жылғы қаңтар-мамырмен салыстырғанда 0,4% кеміді. Жолаушылар айналымының көлемі 34,4 млрд жолаушы-шақырымды құрап, 51,6% кеміді.

- «Байланыс» саласы бойынша нақты көлемі индексі 111,6% құрады.

- «Сауда» саласы бойынша нақты көлем индексі 106,7% құрады.

- бөлшек сауда көлемі 4098,9 млрд теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 107,5% құрады (салыстырмалы бағада).

- көтерме сауда көлемі 9091 млрд теңгені немесе 2020 жылғы тиісті кезең деңгейімен салыстырғанда 108,3% құрады (салыстырмалы бағада).

2021 жылғы қаңтар-сәуірде Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 28107,7 млн АҚШ долларын құрап, 2020 жылғы қаңтар-сәуірмен салыстырғанда номиналды мәнде 3,7% азайды, оның ішінде экспорт – 16712,5 млн АҚШ долларын (11,8% аз, номиналды мәнде), импорт – 11395,2 млн АҚШ долларын құрады (11,5% көп, номиналды мәнде).

2021 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша тіркелген заңды тұлғалардың саны 468027-і құрады және өткен жылғы тиісті кезеңмен салыстырғанда 3,6% артты, оның ішінде қызметкерлерінің саны 100 адамнан азы – 459406. Жұмыс істеп тұрған заңды тұлғалардың саны 340530 құрады, оның ішінде 332126-сы шағын кәсіпорындар (100 адамнан аз).

Тұтыну бағасының индексі 2021 жылғы мамырда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 103,5% құрады. Азық-түлік тауарларға бағалар – 4,9%, азық-түлік емес тауарларға – 3,1%, халыққа арналған ақылы көрсетілетін қызметтерге 2,1% өсті. Өнеркәсіп өнімдеріне өндіруші кәсіпорындар бағасы 2021 жылғы мамырда 2020 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 24,5% өсті.


Жоғары қарай