Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 11 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның төрт облысында құс тұмауы тоқтады

2020 жылдың 1 қазан 2020 14:59

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды, Түркістан облыстарында және Шымкент қаласында құс тұмауынан құстың қырылу жағдайы тоқтады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тәулік бойынша көрсеткіштер құс өлімі қарқынының төмендегенін көрсетіп отыр. Мәселен, соңғы тәулікте Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе, Қарағанды облыстарында, Шымкент қаласында құс тұмауынан құстардың қырылу жағдайы тоқтады. Сонымен қатар, СҚО, Павлодар және Қостанай облыстарында да бұл көрсеткіш азайып келеді», - деді ҚР АШМ ветеринарлық бақылау және қадағалау департаментінің басшысы міндетін атқарушы Тұрсын Қабдолданов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Оның айтуынша жалпы, құс өлімі Қазақстанның 7 облысының 41 ауданының 99 елдімекенінде тіркелген. Жеке аулаларда 23 854 құс қырылған. Ал екі құс фабрикасындағы өлген құстың жалпы саны 330 мың бастан аспайды.


Автор Аян Бекенұлы
Басты сөздер: ҚР АШМ, Ауыл шаруашылығы,
Жоғары қарай