Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның төрт облысында пайдаланылмайтын 8,3 млн гектар жер анықталды

2020 жылдың 2 желтоқсан 2020 09:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның 4 облысында пайдаланылмайтын 8,3 млн гектар жер анықталды. Бұл туралы Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының жерлерді ауыл шаруашылығы айналымына тарту жөніндегі тапсырмасы аясынды Жерді қашықтықтан зондтау арқылы ауыл шаруашылығы жерлерінің пайдаланылуына мемлекеттік бақылау жүргізуге мүмкіндік беретін ғарыштан мониторингтеу жөніндегі пилоттық жоба жүргізілуде. 2020 жылы пилоттық өңірлер ретінде Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қостанай және Маңғыстау облыстары айқындалды», - деді министр.

Сапархан Омаровтың айтуынша, пилоттық өңірлерді ғарыштық мониторингтеудің бірінші кезеңінің деректері бойынша 8,3 млн гектар пайдаланылмайтын жер анықталды. Оның ішінде 2,6 млн гектар жайылым ерікті түрде мемлекеттік меншікке қайтарылды. 5,7 млн гектар жер иелеріне бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жіберілді.

«Осы жобаны жүргізу барысында министрлік жерді ұтымсыз пайдалануды айқындау әдіснамасын одан әрі жетілдіру үшін жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп пилотқа және оның нәтижелеріне талдау жүргізуде», - деді ол.


Жоғары қарай