Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанның Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі өзгерді

2021 жылдың 12 мамыр 2021 20:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі өзгерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«...көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу және Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын пайдалану қағидаларында: 1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:

«1-тарау. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорына активтерді есептеу тәртібі»; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: «3. Мұнай секторы ұйымдарына:

1) шикі мұнайды, газ конденсатын өндірумен айналысатын заңды тұлғалар;

2) шикі мұнайды, газ конденсатын барлауға келісімшарттар жасасқан заңды тұлғалар;

3) жер қойнауын пайдаланушы салық міндеттемесін заттай нысанда орындау есебіне берген, пайдалы қазбаларды мемлекет атынан алушыларжатады. Келесі қаржы жылына арналған мұнай секторы ұйымдарының тізбесі ағымдағы қаржы жылының 20 желтоқсанына қарай жер қойнауын пайдалану, мұнай келісімшарттарын жасасу және орындау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыруды жүзеге асыратын құзыретті органмен және бюджетті атқару жөніндегі орталық уәкілетті органмен бірлесіп бекітіледі», - деп жазылған Қаулы мәтінінде.

Қаулының толық мәтінін мына жерден оқуға болады.


Басты сөздер: Экономика, Қаулы,
Жоғары қарай