Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 7 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 16 қыркүйек 2019 06:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 16 қыркүйек күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауаның ластануы күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қарағанды, Нұр-Сұлтан, Павлодар қалаларында жайсыз метеожағдай қалыптасады.

Қазгидрометтің мәліметінше, Ақтау, Қызылорда, Көкшетау, Петропавл, Талдықорған, Тараз, Шымкент қалаларында метеожағдай қолайлы болады деп күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.

Перевод Ербол Жанат
Басты сөздер: Қазгидромет, Ауа райы, Экология,
Жоғары қарай