Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 388.81
EUR 429.01
RUB 6.08
CNY 55.49

Қазақстанның үш қаласында ауа сапасы нашарлайды

2019 жылдың 22 қазан 2019 06:35

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 22 қазан күні Қазақстанның үш қаласында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасып, ауа ластанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 22 қазанда еліміздің Қарағанды, Теміртау және Шымкент қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдай қалыптасады.

Синоптикердің мәліметінше, Ақтөбе, Алматы, Балқаш, Тараз, Нұр-Сұлтан, Өскеменде метеожағдай ойдағыдай болады.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауа сапасы нашарлауы ықтимал.

Басты сөздер: Экология, Қазгидромет,
Жоғары қарай