Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазақстанық теннисшілердің Олимпиададағы алғашқы қарсыластары белгілі болды

2021 жылдың 22 шілде 2021 10:57

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Токиода теннистен ерлер мен әйелдер арасындағы турнирдің жеребе тарту рәсімі өтті, деп хабарлайды Olympic.kz.

Қазақстаннның бірінші ракеткасы Александр Бублик Ресейдің басты үміті Даниил Медведевке қарсы шығады. Михаил Кукушкин аргентиналық Федерико Кориямен жолығады.

Жұптық сында Александр Бублик пен Андрей Голубев франиялық Гаэль Монфис және Жереми Шардимен кездеседі.

Әйелдер арасындағы бәсекеде Елена Рыбакина австралиялық Саманта Стосурға қарсы шығады. Юлия Путинцеваның алғашқы қарсыласы – аргентикалық Надя Подорошка. Ярослава Шведова австралиялық Айла Томляновичпен, Зарина Дияс чехиялық Барбара Крейчиковамен ойнайды.


Басты сөздер: Олимпиада, Спорт,
Жоғары қарай