Ауа райы
Астана 21 °С
Алматы 18 °С
валюта бағамы
USD 405.69
EUR 455.51
RUB 5.72
CNY 57.42

Қазақтың саны революцияға дейін 8 миллион болған - Смағұл Елубаев

2020 жылдың 29 мамыр 2020 17:49

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ашаршылық жылдары 5 200 000 қазақтан айырылдық. «Egemen Qazaqstan» басылымының ұйымдастыруымен 31 мамыр – Қуғын-сүргін және ашарлық құрбандарын еске алу күніне арналған «Ғасыр зұлматы» тақырыбында өткен онлайн дөнгелек үстелде жазушы Смағұл Елубай осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Әлемнің қозғаушы күштері әлсіздерді басып алуға кірісті, нәтижесінде бірінші дүниежүзілік соғыс, одан кейін екінші дүниежүзілік соғыс болды. Яғни, адамдарды қыруға теориялық негіздер жасалды. Ең кедей қазақтың өзінде 50 бас қойы, 4-5 ірі қарасы болатын. Бұл Ресейден келген Голощекиннің көзімен қарағанда қазақ халқы қырылуы керек еді. 1992 жылғы комиссия құрамында Талас Өмірбек болды. Ол комиссия 1931-1932 жылдардағы ашаршылықтан 2 300 000 қазақ қырылғанын айтты. Сонда Тұрар Рысқұлов 1918-1919 жылы 1 214 000 адам қырылды десе, Мұхтар Әуезов 1921 жылғы ашаршылықта 1 700 000 қазақ қырылды деді. Екеуін қоссақ, 3 миллионға жуықтайды. Бұған 2 300 000-ды қоссақ, он шақты жыл ішінде 5 200 000 қазақтан айырылдық», - дейді Смағұл Елубай.

Оның айтуынша, заманауи тарихта тең жартысынан айырылған қазақтың трагедиясындай трагедия болған емес.

«Нақты дерекпен сөйлегенде жағдай осындай. Біз 10-15 жыл ішінде 5 200 000 қазақтан айырылдық. «Мұнша қазақ қайдан пайда болды?» деген сұрақ туындаса, қолымызда Орынбордағы тарих институтын басқарған Александр Чулошниковтың кітабы бар. Онда қазақтың саны революцияға дейін 8 миллион болғандығы туралы ақпарат бар», - дейді ол.


фото: brod.kz
Жоғары қарай