Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазалыда мектеп мұғалімі балаларға ағылшын тілін тегін үйрететін курс ашты

2018 жылдың 17 қараша 2018 17:45

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қазалы ауданында мектеп мұғалімі балаларға ағылшын тілін тегін үйретуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Айта кету керек, «Нұр Отан» партиясы Қазақстан бойынша English for Jastar жобасын іске қосты. Қыркүйек пен қараша айынының аралығында өткізілетін пилоттық жобаға Қызылорда облысы бойынша 11 оқытушы-ерікті іріктеліп алынды. Солардың бірі - Әйгерім Амантаева Қазалы ауданында оқыту курстарын жүргізуде.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетін үздік бітірген ол қазіргі таңда аудандағы №266 мектеп-лицейде ағылшын пәнінен сабақ береді. Әлеуметтік желіде қысқа видеосабақтар түсіріп, өз аудиториясын жинап үлгерген Әйгерімнің бала оқытуға деген ықыласы ерекше. Соны байқаған жоба үйлестірушілері мұғалімді бірге жұмыс жасауға шақырған.

Жастар жобасы облыс бойынша 350 оқушының ағылшынша білімін жетілдіру жоспарланған. Аталған курсқа Қазалы ауданынан 30 өрен қатысуда. Ауданға бекілген меже де осы. Әртүрлі қызықты тақырыпта өткізілетін курс аптасына үш рет өтеді. Екі сағатқа созылатын сабаққа 7-11 сынып оқушылары қалмай келеді.

Солардың арасынан мектеп-лицейдің белсенділігімен көзге түсіп жүрген 10 сынып оқушысы Айдана Айдарбай: «Бүгін ағылшын тілінің идеомасы мен фразалық етістіктерді меңгердік. Апайдың тақырыптық мысалдары мен оқыту әдісі бізге ерекше ұнайды. Бірінші сабақта оқушылар аз болды. Түрлі қызықты ойындар ойнап, өмірге қажетті сөздерді үйреніп алғасын басқа достарымызға да айттық. Қазір аудитория толып отырамыз. Басқа пәндерден тапсырмаларымыз көп болса да курсты жіберіп алмауға тырысамыз. Қазірдің өзінде шет тілі граматикасын меңгеріп, жүзден аса сөз жатап алдым», - деді.

Факультативтерде оқу­шылар мектепке қара­ған­да анағұрлым терең білім алуда. Ол үшін жобаны іске асырушылар 172 Elementary мен Pre-Intermediate оксфордтық құ­рал жиынтықтарын жеткізіп берген. Әр жиын­тықта оқушыларға ар­нал­ған Student's Book, тап­сыр­маны жасауға арнал­ған Workbook, сонымен бір­ге ағылшын тіліндегі фильм­дердің DVD-дискісі бар. Ал курс өткізу барысында қажетті кеңсе құрал-жабдықтармен «Нұр Отан» партиясының Қазалы аудандық филиалы қамтамасыз етіп отыр.

Өзіне бекітілген сабақтардан бөлек факультативтік курсқа да асқан дайындықпен келетін Ә.Дулатқызы сабақты өткізу үшін қолайлы жағдай жасап отырған мектеп басшылығына дән риза. Тәжірибе алмасу үшін басқа мұғалімдер де сабаққа қатысатын көрінеді. Жас маманнан еріктілер қатарына не себепті қосылғандығы жайында сұрағанымызда:

«Жоба мақсатының бір бағыты - ақылы қосымша сабаққа қатысуға мүмкіндігі төмен балалардың шет тілін меңгеруіне жағдай жасау. Осындай факультативті-қосымша сабақтарсыз ағылшын тілін меңгеру өте қиын. Сол себепті «English for Jastar» жобасына қатысамын деп шештім», - деді Әйгерім.

Жоғары қарай