Ауа райы
Астана 17 °С
Алматы 17 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 468.66
RUB 5.79
CNY 58.80

Қазалылық еріктілер тұрмысы төмен отбасына баспана салып берді

2020 жылдың 10 шілде 2020 05:43

ҚАЗАЛЫ. ҚазАқпарат - Қызылорда облысы Қазалы ауданында тұратын еріктілер Мархаббат Асанова мен Мерей Айекешованың бастамасымен жергілікті тұрғындар көп балалы отбасыға баспана салып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұдан бұрын қайырымдылық істерімен көпшілік көзіне түсіп келген волонтерлерді төрт балалы жалғызбасты әкенің жағдайы алаңдататын еді. Карантин кезінде халыққа көмектесу мақсатында қаржы қорын құрды. Жергілікті кәсіпкерлер тарапынан жиналған 800 мың теңгеге аз қамтылған 55 отбасыға азық-түлік жеткізіп берді. Сондай-ақ,арнайы карантиндік шара барысында жұқпалы аурулар ауруханасына жаңа төсек жабдықтары мен арнайы киім алдырды.

«Осындай күндердің бірінде Қазалы қаласындағы 4 балалы жалғызбасты әкенің жағдайы бізді алаңдатты. Ол тұратын баспана көзге қораш көрінетін. Баспана құлау қаупінде тұрған. Нөсер жауса, үй шынымен құлап қалар еді. Осылайша, қалған шағын қаржымен жаңа үй салуды ойластырдық», - деді ерікті жастар.

Қайырымдылыққа шақырған қос қыздың бұл ісіне Қазалы жастары да қызу қолдау білдірді. Кәсіпкер ақшалай да, құрылыс жабдықтарымен де қамтамасыз еткен. Нәтижесінде баспанаға мұқтаж отбасы қысқа уақыт аралығында 3 бөлмелі үйдің кілтін алды.

Сондай-ақ, Қызылордада жанашыр жандар көпбалалы анаға баспана алып берді.


Жоғары қарай