Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазан айында 7 өңірде инфляция жеделдеген – Ұлттық банк

2021 жылдың 11 қараша 2021 17:15

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазан айында елдегі жылдық инфляция 8,9%-ды құрады. Бұл туралы ҚазАқпарат Ұлттың банкке сілтеме жасап хабарлайды.

Инфляцияның қыркүйектегі деңгейде сақталды, бірақ инфляция 4 өңірде ғана өзгеріссіз қалды. 7 аймақта инфляция жеделдеп, 6-да баяулады.

Алматы мен Алматы облысы бағаның өсуіне жалғасуда. Олардың ТБИ-дегі үлес салмағы – тым жоғары (тиісінше 16,5% және 11,7%).

Түркістан облысында (қыркүйектегі 9,2%-дан қазанда 9,6%-ға дейін) және Солтүстік Қазақстан облысында (8,4%-дан 8,7%-ға дейін) мейілінше тез қарқын алғаны байқалды. Қалған өңірлерде жылдық инфляцияның өзгеруі аса байқала қоймады (+/-0,2%). Жылдық инфляция 7 аймақта жалпы республикалық деңгейден жоғары қалыптасты: Маңғыстау облысында (9,9%), Қарағанды облысында (9,6%), Түркістан облысында (9,6%), Атырау облысында (9,2%), Ақтөбе облысында (9,2%), Ақмола облысында (9,0%) және Жамбыл облысында (9,0%).

Биылғы қазанда айлық инфляция 0,7%-ды (қыркүйекте – 0,4%) құрап, жеделдей түсті . Бағаның өсуіне ең көп үлес қосқан – азық-түлік тауарлары (0,31 п.т.) болды. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың үлесі 0,25 п.т., ақылы қызметтердің үлесі 0,14 п.т. болды.

Жалпы алғанда, еліміз бойынша азық-түлік тауарларының бағасы бір айда 0,7%-ға (қыркүйекте – 0,1%) өсті. Осы топтағы тауарлар бағасының ең жоғары өсімі Шығыс Қазақстан облысында (1,2%), Павлодар мен Солтүстік Қазақстан облыстарында (1,1%-дан) қалыптасты.



Жоғары қарай