Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазан айында көмір, газ және дизель ерекше қымбаттаған

2021 жылдың 11 қараша 2021 19:21

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ұлттық банк қазан айында қымбаттаған азық-түлікке жатпайтын тауарлардың тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың айлық инфляцияға қосқан үлесі қазан айында 0,25 пайыз болды. Оған себеп болған негізгі факторлардың бірі – дизель жанармайының қымбаттауы. Қазан айында дизель бағасы 16,6% қымбаттады. Әсіресе, Ақмола (25,9%) және Павлодар (24,9%) облыстарында баға қатты өсті. Ең төмен өсім болды деген Қызылорда облысының өзінде дизель құны 11,6% қымбаттады. Жалпы жанармай бағасы ел бойынша 0,9% өсті», -деп жазылған Ұлттық банк сараптамасында.

Ұлттық банк сайтындағы мәлімет бойынша, қазан айында ақылы қызметтердің бағасы да инфляцияны үдеткен.

«Бір айдағы бағаның өсу деңгейі 0,5% болды. Өңірлердің көбінде сұйытылған газ қымбаттады. Бұл тауардың бағасы республика бойынша 6,4% қымбаттады. Әсіресе Алматы (15,6%), Шығыс Қазақстан (14,7%) және Ақмола (14,0%) облыстарына қымбатшылық қарқыны жоғары. Нұр-Сұлтан қаласы мен Қарағанды облысында электр энергиясына тарифтің көтерілді (8,5% және 5,3%). Ал көмір республика бойынша 2,1% қымбаттады. Әсіресе Қарағанды облысында баға қатты артты (9,5%). Ал Павлодар және Қостанай облыстарында орталықтандырылған жылу тарифі 6,3% және 3,1% төмендеді», - деп жазады Ұлттық банктің баспасөз қызметі.


Жоғары қарай