Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

Қазандағы мектепте болған атыс: Татарстанда аза тұту күні жариялады

2021 жылдың 11 мамыр 2021 16:36

ҚАЗАН. ТАТАР-ИНФОРМ-ҚазАқпарат – Татарстан Президенті Рустам Миннихановтың тапсырмасы бойынша республика үкіметі №175 Қазан гимназиясында болған қайғылы жағдайдан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің отбасыларына өтемақы тағайындайды. Бұл туралы Татарстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметінің жетекшісі Лилия Галимова мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Татар-информ ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Соңғы мәліметтер бойынша №175 Қазан гимназиясында болған атыс кезінде 8 адам қаза тапты, 21 адам түрлі ауруханада жатыр.

Қайғылы жағдайға байланысты Татарстан Президенті Рустам Минниханов 12 мамырды республикада аза тұту күні деп жариялады.

Еске сала кетейік, 11 мамырда Қазан қаласындағы Файзи көшесіндегі мектепте белгісіз екі адам оқ жаудырған болатын.

Бұған дейін атыс кезінде 8 адам қаза тауып, тағы 21 адам зардап шеккені хабарлаған еді.


Басты сөздер: Әлем, Ресей,
Жоғары қарай