Ауа райы
Астана +7 °С
Алматы +14 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қазавиақұтқару» АҚ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонды

2021 жылдың 26 қараша 2021 16:00

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ақмола облысы аумағында шұғыл қонуға мәжбүр болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, тікұшақ жедел шақыру бойынша Нұр-Сұлтаннан шығып, Екібастұз қаласына бара жатқан.

«2021 жылғы 26 қарашада ҚР ТЖМ «Қазавиақұтқару» АҚ Ми-8АМТ тікұшағы Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының жедел өтінімі бойынша «Нұр-Сұлтан – Екібастұз» бағытында шыққан. Алайда, Ақмола облысы Ерейментау ауданы Өрнек елді мекенінің аумағында мәжбүрлі түрде қонды (Нұр-Сұлтан қаласынан шамамен 100 км). Бортта 5 адамнан тұратын экипаж, 2 дәрігер болды. Мәжбүрлі қонудың алдын ала себебі - оң қозғалтқыштың тербелісі. Тікұшақ аман-есен қонды, зардап шеккендер жоқ. Экипаж мен дәрігерлер резервтік әуе кемесімен шығарылды. Ми-8АМТ тікұшағы кепілдікте тұр, өндіруші зауытпен бірлесіп әуе кемесінің инспекциясы орындалатын болады», - деп түсіндірді ҚазАқпарат тілшісінің сауалына «Қазавиақұтқару» АҚ баспасөз қызметіндегілер.

Айта кетсек, бұл туралы бүгін сағат 12:40-та Ақмола облысы ТЖД дағдарыстық жағдайлар басқармасына хабар түскен болатын.


Автор Аслан Оспанов
Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға,
Жоғары қарай