Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 421.58
EUR 496.83
RUB 5.53
CNY 62.20

«Қазгидромет» ел фермерлеріне арналған интернет-қосымшаны іске қосты

2020 жылдың 1 қазан 2020 15:54

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» Қазақстан фермерлеріне арналған мамандандырылған https://agrodata.kz интернет-қосымшасын іске қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Экология, геология эәне табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиевтің тапсырмасы бойынша әзірленген интернет-қосымша шаруа және фермер қожалықтарына, сондай-ақ Қазақстанның барлық мүдделі азаматтарына агрометеорологиялық қызметтер көрсетуге арналған.

AgroData кез келген құрылғыдан тегін пайдалануға болады. Орталық Азияда мұндай сервистің баламасы жоқ.

«Биылғы қазан айынан бастап фермерлер нақты ақпаратты және болжамдарды онлайн режимде көре алады. Қосымшада ауа райы болжамдары, егіс егуге жайлы күндер туралы, сондай-ақ топырақтағы ылғал қоры және өсімдік шаруашылығында шешім қабылдау үшін өзге де маңызды ақпараттар бар. Барлық мәлімет қарапайым және қолжетімді түрде https://agrodata.kz сілтемесі бойынша ұсынылған.

Жақын арада қосымша пунктер бойынша 3 сағаттық ауа райы болжамдарымен толықтырылатын болады. Сондай-ақ оны жетілдіру бойынша пайдаланушылардан ұсыныстар күтеміз», - делінген Қазгидромет ақпаратында.

Жоғары қарай