Ауа райы
Астана -9 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 377.19
EUR 408.99
RUB 5.93
CNY 54.02

«Қазгидромет» елордадағы түтінге қатысты түсінік берді

2019 жылдың 25 шілде 2019 18:16

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Қазгидромет» РМК Нұр-Сұлтан қаласының 24 мен 25 шілде аралығындағы атмосфералық ауасының жай-күйі туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің мәліметінше, Нұр-Сұлтанның атмосфералық ауасының мониторингі 10 бекетте, атап айтқанда, алты автоматтық бекетте және сынамаларды қолдан іріктейтін төрт бекетте өткізілуде. Жалпы, Нұр-Сұлтан қаласында жоғары және экстремалды жоғары деңгейдегі ластану тіркелмеген.

24-25 шілде аралығында таңертең және кешке аздаған жоғарылау байқалды. №6 автоматтық бекеттің ақпаратына сәйкес (Ақжол көшесі, «Астана Тазалық» ағынды сулар тұндырғысы аумағы), РМ – 2,5 қатты бөлшек бойынша - 1,0-1,8 шекті рұқсат етілген концентрация шамасындағы жоғарылаудың 30 жағдайы тіркелген (ең жоғарғысы 25 шілдеде сағат 08:00-де). № 7 автоматтық бекеттің мәліметі бойынша (Түркістан көшесі 2/1, РФММ), РМ-2,5 қатты бөлшек бойынша – 1,1-1,8 шекті рұқсат етілген концентрация шамасындағы жоғарылаудың 29 жағдайы тіркелген (ең жоғарғысы 25 шілдеде 08:20-да).

Синоптикалық жағдайға келер болсақ, 25 шілде күні түнде Нұр-Сұлтанда солтүстіктен секундына 1-3 метр жылдамдықпен болмашы жел есті, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 98-99%. 5 км-ден ары көрінбейтін түтінді тұман түсті. 08:40-тан бастап өндірістік түтін қаптады, ауаның салыстырмалы ылғалдылығы - 70%.

Сондай-ақ, Павлодар облысы да соңғы екі күн бойы күйіктің иісі аралас түтінге оранған.

Жоғары қарай